Аптаның әр бейсенбі күні дәстүрлі түрде өткізілетін Даналық бейсенбі жобасының қонақтары ретінде бұл жолы Шымкент қ. ХББ НЗМ 12 сынып оқушылары Жданхан Диаспен Беркінбаева Аяулым келді.
Жданхан Диас – IELTS 8.0 балл , SAT- 1450 балл жинаған және авторлық құқық иегері, ал Беркінбаева Аяулым – белсенді активист, қызыл аттестат иегері, жас ғалым, жазушы болып табылады.
Кездесуде үздік оқушылар Ielts пен SAT емтихандарына қалай дайындалғаны туралы және дайындыққа қажетті оқулықтар мен арнайы ресурстар жайында презентация дайындап, мектеп оқушыларына өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.
Онымен қоса, қос үздік зияткер өмірлік ұстанымдары мен алға қойған мақсаттары жөнінде сөз қозғап, түркістандық зияткерлерге ерекше шабыт сыйлай білді.
Сонымен қатар, мектеп психологы мен оқушыларда Диас пен Аяулымға жетістікке жету жолындағы қиындықтары мен бастан өткерген қызықты оқиғалары жайында сұрақтар қойды.
Кездесу соңында Диас пен Аяулымның аналары сөз сөйлеп, тарихи шаһарда бой көтерген жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.
Даналық Бейсенбінің кезекті өткен бағдарламасы қос үздік зияткермен кездесу түркістандық зияткер оқушылар үшін білімге деген құштарлықтарын оятуда жаңа серпін бергені сөзсіз.