Президенттік сайлаудың екінші кезеңі пікірталас сайысы
Бүгін мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының президенттік сайлауының 2 кезеңі өтті.
Екінші турда үміткерлер арасында пікірталас сайысы өтіп, мектептегі жобаларды оқушы тарапынан қалай дамытуға болады осы сауал төңірегінде бір-бірлеріне сұрақ қойды.
Қызу пікірталасқа толы өткен сайыста мектеп оқушыларыда кандидаттардың ұсынған жобаларына байланысты сұрақтар қойды.
Сайыс соңында мектеп директоры Балқан Қасымов сөз сөйлеп, сайлауға қатысушы үміткерлерге сәттілік тілеп, олардың белсенділігі мен мектеп дамуына қосар жобаларына баға беруде өз ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша «Бұрымды қыз» номинациясын 9 «В» сынып оқушысы Сүйіндік Асылзат иеленсе, NIS Cyber cup I PS5 : FIFA 2022 турнирінің жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқышылар марапатталды:
1 орын және чемпион атағын Садық Бексұлтан иеленсе,
2 орын және финалист атағын Нұрахмет Тұрсынхан иеленді.