1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай зияткерлік оқу ордамызда «Бірлігі жарасқан ел» атты мерекелік концерт өтті.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын көрсететін маңызды даталардың бірі.
Мерекелік кешті зияткерлер үш түлде жүргізіп, шараның ашылу салтанатында ұлттық би қара жорға мен флешмоб билеп, концерттің көркін қыздырды. Сондай-ақ, оқушыларымыз татулық пен ынтымаққа қатысты өлеңдерді мәнерлеп оқып, түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билерін билеуде сахналық қойылым қойып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында мектеп директоры Балқан Маратұлы сөз сөйлеп, барша ұстаздар қауымы мен оқушыларды бір тудың астында 130-дан аса ұлт өкілдерінің басын қосқан, ынтымақ пен берекенің бастауы болған айтулы мерекемен және NIS атты бір шаңырақ астында бірлік пен татулығымыз арта берсін деп, мерекемен құттықтады.