Оқушылардың демалыс уақытында мектебіміздің педагог қызметкерлері біліктіліктерін кәсіби шыңдау мақсатында семинар тренингтерге қатысуда.
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ қызметкерлерін корпоративтік оқыту — Педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі. Корпоративтік оқытудың негізгі мақсаты ішкі және сыртқы ортаның өзгеретін жағдайларына бейімделуге ұмтылатын қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктері мен жеке қасиеттерін дамыту үшін мүмкіндік жасау болып табылады.
Осы орайда Түркістан қаласындағы Зияткерлік оқу ордамызда Педагогикалық шеберлік орталығы менеджері Нуржаутов Сәкен Дәуітбекұлы корпоративті оқыту аясында «Эмоционалды күйзеліс. Оны қалай таниды» және «Стресске қарсы иммунитетті дамыту: тиімділікті арттыру және күйзелістің алдын алуға» бағытталған тренинг өткізді.
Тренингке қатысушы ұстаздар ең алдымен «Мені бәрі мұғалім деп таниды, бірақ менің…. екенімді білмейді» сұрағына жауап беру арқылы өздерінің көпшілік біле бермейтін қабілеттерін айтып, ортаға салды.
Семинар барысында мұғалімдер күйзелістен арылу жолдары мен алдын алу мақсатында тест тапсырып, жаттығулар, жасап біршама ақпараттар алып, осы мәселеге байланысты өз көкейтесті сұрақтарын қоюда кері байланыс орнатып, күйзелістен арылудың түрлі әдістерін меңгерді.
Ал келесі семинар болса, «Тайм менеджмент – уақытты басқару» және «Сабақты жоспарлауда нені басшылыққа аламыз?» тақырыптарында өрбіді. Аталған семинарға мұғалімдермен қатар мектебіміздің педагог-кураторлары, интернат тәрбиешілеріде қатысты.
Уақытты тиімді басқаруда өз әдіс-тәсілдерімен бөліскен мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Нартай Советханұлы педагог-қызметкерлерге ең алдымен уақытқа байланыста сұрақтар қойып кері байланыс орнатып, семинарға қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп өз ойларын ортаға салды. Оқыту семинарында Нартай Советханұлы уақытты тиімді басқаруда өзі қолданатын бірнеше әдістер соның ішінде Эйзерхауер матрицасы әдісін ұсынды.
Ал екінші қамтылған «Сабақты жоспарлауда нені басшылыққа аламыз?» тақырыбында өз тәжірбиесімен бөліскен география пәнінің мұғалімі Ерлан Мұхаммедиярұлы білім беруде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерудің маңызды екенін түсіндірді.
Онымен қоса, семинарға қатысушыларға топтық жұмыс ретінде Эдвард де Бононың «алты ойшыл қалпақ» әдісін қолдана отырып,оқу мақсатын жоспарлауда өз әдістерін көрсетті.
Аталған қос семинар барысында семинарға қатысушы мұғалімдер, педагог-кураторлар мен тәрбиешілер эмоционалды күйзеліс пен стресстен арылу жолдары және уақытты тиімді пайдалану мен сабақты жоспарлауда қандай әдіс-тәсілдерді қолдану керек екенін түсініп, өз біліктіліктерін арттыра білді.