Рухани шаһар төрінен ашылған Зияткерлік мектебімізде ұлыстың ұлы күні тойланды.
Мектеп ұжымы Наурыз кездесулеріне қатысқан Қазақстанның әр қалаларынан келген НЗМ оқушылары және олардың жетекшілеріне мектеп төрінен ақ дастархан жайып Наурыз тойын бірге тойлады.
Мерекелік кеште ән айтып, би билеп, еліміздің салт-дәстүрлеріне байланысты түрлі көріністерімен концерттік бағдарламалар қойған мектеп ұжымы келген қонақтарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.