Қысқаша ақпарат
Егілген күні: 21.04.2022
Боз аршаның сорты: Кампорт
Топырақ түрі: Жергілікті топырақ, Биогумус, Құм, Көң.
МАҚСАТЫ
Мектебімізді көгалдандыру үшін мұғалімдер, оқушылар түрлі өсімдіктер егіп жатыр. Мен сол өсімдіктерің түрін зерттедім. Осы зерттеген өсімдік туралы айтып кетемін.
Егу әдісі
1) Топырақты ыдысқа салып, аз ғана су құямыз да, кішкене ор қазамыз.
2) Тұқымды дайндап аламыз. Осыдан кейін тұқымды егіп, топырақпен беттін жауып қоямыз.
3) Тағы да с құямыз. Себебі топырағы құрғап кетуі мүмкін, бірақ көп су құйып қоймаймыз көгеріп кетуі мүмкін.
Күтімі
Кез-келген түрі жылы әрі ылғалды жерді ұнатады. Климаты ылғалды, ыстық аймақтарда тез өседі. Барлық түрін жиі және мол суғару керек. Бұтағын қырқып, пішіндеп отырған дұрыс. Қылқанының түсі қанық болуы үшін, жылына екі рет құрамында азоты көп тыңайтқыштармен қоректендірген жөн.