МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР

Холлдағы негізгі орталықта мемлекеттік рәміздер мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бюсты орналасқан. Ежелгі заманнан бері түрлі тайпалар мен руларды біріктіретін белгілер болған. Белгілер – сөздердің орнына қолданылатын таңбалар, ал рәміздер – белгілі топтар бейнесінің бірігуі. Әр мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты өз рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы – суретші Шәкен Ниязбеков,
елтаңбаның авторы танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Гимні ретінде – «Менің Қазақстаным» әніне 2006 жылы ресми статус берілді.
Әннің авторлары: ақын Жұмекен Нәжімеденов, елбасы Н.Ә.Назарбаев, сазгер Шәмші Қалдаяқов.
Бұл – халық бірлігінің белгілері.
Мемлекеттік рәміздердің қатарына тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бюсты орналасқан.
Мына тақтада Қазақстан Республикасының Конституциясының бөлімдері көрсетілген. Құқықтық мемлекеттің көрінісі ретінде Рәміздермен қатар Атазаңнан үзінді жазылған.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз