«Берік отбасы» жобасы сәтті аяқталды
Түркістандағы NIS-те отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған 7 бөлімнен тұратын «Берік отбасы» жобасы өз мәресіне жетті.
7 тараудан тұратын жоба барысында ата-аналар мен оқушылар отбасы құндылықтарын сақтауға, бір-біріне қолдау көрсете білуді, күн тәртібін бұзбай, бала тәрбиесімен айналысуға икемдеуді, балалардың болашаққа деген сенімін арттырып, олардың ата-анасымен қарым-қатынасы нығая түсті. Сонымен қатар, жасөспірімдерді күйзеліспен күресуге және құрдастары тарапынан болатын қысымды жеңіп шығуға тәрбиеледі. Ата-аналар отбасында қандай ерекше қажеттіліктер болуы мүмкін екенін, өзгелерге көмек пен қолдау табуға жәрдемдесуді түсінді.
Бағдарламаның 7 бөлімінде фасилитаторлары мен тренерлер үйде не атқарылды, ата-аналар мен олардың балалары алған құралдар мен дағдыларына ерекше назар аударып қатысушыларға сұрақтар қоюда топтық талқылау өткізді. Сондай-ақ арнайы сауалнама жүргізілді.
Бағдарлама соңында тренер мен фасилитаторлар қатысушыларға 7 апта бойы отбасы құндылықтарын берік ұстанып, белсене қатысқан қатысушыларға алғыс білдірді:
— Соңғы жеті аптаны сіздермен өткізгенімізге қуаныштымыз. Енді отбасы бірге өткізген әр уақыттан ләззат алады деп сенеміз. Отбасы мүшелері қандайда бір мәселені ашық айта отырып, оны шеше алады деп ойлаймыз. Ендігі кезекте отбасындағы адамдар бір-бірін тыңдап, әр уақытты тиімді өткізетіндігіне сенім мол. Біз осы жерде сіздің отбасыңызды одан әрі нығайып, ауызбіршілікте өмір сүруді үйрете алғанымыз үшін мақтан етеміз.
Онымен қоса директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мира Бейсенова бағдарлама құндылығы туралы айтып, өз ойымен бөлісіп, жоба қатысушыларына арнайы алғыс хат табыстады.