Ақпарат орталығы — Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін құрылған. Орталық ақпарат таратуға, әртүрлі дөңгелек үстелдер өткізуге, телекөпірлер ұйымдастыруға арналған. Жәнеде моноблоктар мен лэд экран арқылы дербес білім беру ұйымының жеке цифрлық материалдарын интеграциялайды. Жалпы мектептің информатика, робототехника мен ақпараттар орталығы кабинеттері 570 дана ноутбук, 8 дана 3D принтерлермен жабдықталған. Платформада оқулықтар, дәрістік бейнематериал, цифрлық білім беру ресурстар орналастырылған. «NIS Online» әр оқушыға өзінің жеке оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Цифрлық білім беру платформасының ерекшелігі-оқу материалдарының тұтас болуында. Әрбір тақырыпқа сай жоғары академиялық білімді қалыптастыруға бағытталған теориялық материал ұсынылады. Оқушыларға оқу материалын жылдам, әрі оңай қабылдауға көмектесетін 2D және 3D форматына сәйкес иллюстрациялар мен мультимедиялық бейне сабақтар, цифрлық білім беру ресурстары қамтылған.
Информатика пәні мұғалімі
Сейтбек Ержигит
Егер бірнеше жүз жыл артқа шегінсек, бүгінде біз қарапайым нәрселер деп санайтынның бәрі — сиқырлы болып көрінер еді. Мысалы, қашықтықтан сөйлесу, ұшу, үлкен көлемді ақпаратты өңдеу, бүкіл әлемді алақандай телефоннан тамашалау, т,б. Шынында да, бұрын бұл сиқырға ұқсайтын еді. Енді, бүгінгі күні сиқыр боп көрінетін болашақтағы қарапайым «ғажайыпты» сізде ойлап таба аласыз ғой.