Ағылшын тілі апталығының екінші күні
🌱Апталықтың екінші күнінде оқушыларға ағылшын тілі бірлестігі “Public Speaking” байқауы мен “Quiz bee” және үзіліс уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, мұғалімдер шеберлік сағаттарын өткізді.
🌱“Public Speaking” байқауында 8-9 сынып оқушылары қатысып, зияткерлер әйгілі саясаткер кейіпінде көпшілік алдында ағылшын тілінде сөз сөйлеп, шешендік өнерлерін көрсетті.
🌱Ал, “Quiz bee” ойыны 7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Ағылшын тілін меңгерудегі деңгейлерін анықтауда түрлі сұрақтар қою арқылы өткізілген “Quiz bee” ойынына қатысу арқылы оқушылар ағылшынша сөздік қорларын дамытып, тереңдетті.