Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай оқушылар арасында өткізілген мектепішілік олимпиаданың үздіктері марапатталды
Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы М. Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай Зияткерлік мектептің оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік олимпиаданың жүлдегерлері марапатталды.
Олимпиада мақсаты: оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыру, жазушының шығармашылығымен таныстыру, қазақ тілі мен көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Жалпы олимпиадаға 100 оқушы қатысып, екі кезең бойынша өткізілді.