lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
 
Жаңа оқу жылы басталуына орай ата-аналарды Зияткерлік білім ордасындағы оқу процесі мен мектеп тынысы жайында толық ақпараттандыру мақсатында бүгін 7-8 сыныптардың ата-аналарына арналған жиналыс өтті.
 
Басқосуда мектептің миссиясынан бастап, құндылықтар, білім беру бағдарламасы (NIS Programme), оқушылардың күн тәртібі мен оқу процесінің қалай өтетіндігі жайында мектеп басшысы Балқан Маратұлы барлық ақпаратпен қамтып өтті.
 
Мектеп директоры оқу процесіндегі күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша өткізілетін оқушылардың оқу сауаттылығын мен математикалық сауаттылық және жазылым дағдысын арттыруда өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қабілетін қалыптасыратын таңғы жиындар мақсатына тоқталып, ата-аналарға оны өткізудегі маңызын түсіндіріп өтті.
 
Онымен қоса, оқушылар тапсыратын қажетті емтихандар тізімі SAT, IELTS, NUFYP емтихандарына дайындық барысын түсіндіруде оқу күнтізбесіндегі баса назарда болатын тұстардың бірі деп айқындады.
 
Сонымен қатар 2022-2023 оқу жылында өткізілетін үйірмелердің бағыты мен мектеп жобалары, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға даярлық барысы жайлы баяндады.
 
Жиналыс барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Әділханұлы 2021-2022 оқу жылы бойынша білім саласының статистикасы мен 7-8 сынып оқушыларының сыртқы жиынтық бағалау нәтижелерін көрсетіп, оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту мақсатында ата-аналармен бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
 
Ата-аналарда басқосу барысында өз ұсыныстары мен көкейтесті сұрақтарын қойып кері байланыс орнатты. Мектептің педагог-ұйымдастырушы кураторлары өз сыныптарының ата-аналарына ұйымдастырылған секцияларға жалғасты.
 
Кураторлар ата-аналарға мектептің тәрбие жұмысының ұйымдастырлу барысы және ішкі тәртіп ережелері сондай ақ, жобалар барысын таныстырды.