Ата-аналар жиналысы өткізілді — НИШ ХБН г.Туркестан
Ата-аналар жиналысы өткізілді

Жаңа тоқсан басталуына орай Зияткерлік білім ордасында оқу процесі мен үшінші тоқсанның қорытынды бағалау нәтижелері мен оқу үлгерімі жайлы ата-аналармен жиналыс өткізілді.

Мәжіліс залындағы басқосуда мектеп директоры оқу процесіндегі күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша өткізілетін оқушылардың оқу сауаттылығын мен математикалық сауаттылық және жазылым дағдысын арттыруда өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қабілетін қалыптасыратын таңғы жиындар мақсатына тоқталып, ата-аналарға оны өткізудегі маңызын түсіндіріп өтті. Онымен қоса, оқушылар тапсыратын қажетті емтихандар тізімі SAT, IELTS, NUFYP емтихандарына дайындық барысын түсіндіруде оқу күнтізбесіндегі баса назарда болатын тұстардың бірі деп айқындады.

Ата-аналар мәжіліс залындағы басқосудан кейін, пән мұғалімдерімен жеке жолығып, балаларының оқу үлгерімі және тәртібі жайлы ақпарат алды.