lOGO-NIS-TURKISTAN5-993x1024 (1)
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ВЕБИНАР
🌱 Оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттыруда тек қана мектеп қана емес, оқушыға ата-ана тарапынан берілетін бағыт-бағдар мен қолдауда үлкен маңызға ие. Осы орайда мектебіміздің педагог-психолог маманы Жанна Арынбаева әр жұма сайын онлайн форматта ата-аналарға психологиялық вебинар өткізуде.
🌱 Оқушының жалпы тұлға болып қалыптасуындағы ең маңызды кезеңдердің бірі жасөспірімдік кезең болып табылады. Алғашқы вебинар «Жасөспірім» тақырыбында өткізілді.
🌱 Жалпы вебинар мақсаты – жасөспірімдік кезеңдегі проблемалар туралы білімді кеңейту, жасөспірім мәселелерін шешуде балалармен өзара әрекеттесудің балама, қолайлы тәсілдерін іздеу. Ата-аналарға вебинарда жасөспірімдік кезеңдегі проблемаларды шешудегі ең басты әрекеттер мен қадамдарды түсіндірді.
🌱 Ал екінші вебинар «Жасөспірімді оқуға қалай ынталандыру керек?» тақырыбында өтті.
🌱 Вебинарда ата-аналарға баланың оқуға ынтасын қалай оятуға болады, егер бала оқығысы келмесе, оқуға ынтасын оятуға қалай көмектесе аламыз, баланың ынтасын не төмендетеді осы сауалдар бойынша сұрақтар қойылып, ата-аналар өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, бала оқығысы келмеген жағдайда ата-аналар әрекеттерінің алгоритмі және баланың оқуға деген ынтасын сақтау жаднамасы жайында мектеп психологы Жанна Маратқызы толық түсіндірді.